Бірінші сынып оқушыларының бейімделуіне арналған ойындар
 
🎓 Бірінші сынып оқушыларының бейімделуіне арналған ойындар
1-сынып оқушыларының мектеп өміріне сәтті бейімделуіне бағытталған ойындар мен жаттығуларды педагог-психолог Исельбаева Айсулу Ульжабаевна өткізді.
Сабақ барысында оқушылар бір-бірімен танысып, ұжымда өзара қарым-қатынас жасауды, ережелерді сақтауды, өз эмоцияларын білдіруді және бір-біріне қолдау көрсетуді үйренді. 🌸
Ойын түріндегі жаттығулар балаларға жағымды әрі достық атмосфера қалыптастыруға, эмоционалдық шиеленісті төмендетуге және мектепке деген жағымды көзқарасты қалыптастыруға мүмкіндік берді.
✨ Әрбір бірінші сынып оқушысының мектептегі өмірі қызықты, жайлы және қуанышты болсын!
Дата публикации: 14.09.2026