Эмоциялар мандаласы
 
🎨 Эмоциялар мандаласы: шығармашылық – психологиялық саулыққа апарар жол
Мектебімізде педагог-психологтың ұйымдастыруымен оқушылардың эмоционалдық тұрақтылығын нығайтуға, өзін-өзі тануына және психологиялық саулығын қолдауға бағытталған шығармашылық сабақ өткізілді.
🌈 Мандалаларды түрлі түстермен бояу арқылы оқушылар шығармашылық әлеміне еніп, өздерінің көңіл күйін, сезімдерін және ішкі жан дүниесін бейнелеуге мүмкіндік алды.
✨ Түстер мен өрнектер арқылы жұмыс жасау эмоционалдық шиеленісті төмендетуге, зейінді шоғырландыруға, тыныштық пен үйлесімділік сезімін қалыптастыруға ықпал етеді.
💚 Әрбір сурет – эмоциялар мен көңіл күйдің көрінісі. Шығармашылық арқылы оқушылар өздерін жақсырақ түсінуге, ішкі үйлесімділікті сезінуге және жағымды эмоциялармен бөлісуге үйренеді.
Шығармашылық – жан тыныштығының, үйлесімділіктің және өзін-өзі танудың әсем жолы!
 
  
 
 
 
 
 
Дата публикации: 03.11.2026