Отбасы – 2026
#otbasy2026» жалпыұлттық челленджі
Мен, Оспан Дінмұхаммед, отбасыммен бірге «Отбасы – 2026» жалпыұлттық челленджіне қатысамын.
Мен өз отбасымды өте жақсы көремін және әрқашан мақтан тұтамын. ❤️ Біздің отбасымыз тату, еңбекқор және бір-бірімізге әрдайым қолдау көрсетеміз.
Мен әкеме үй шаруасына көмектесуге тырысамын. Бірге малға қараймыз, үйдегі жұмыстарды атқарамыз, далаға шығып, шаруашылыққа қолғабыс етеміз. 🌾🐑 Әкемнен еңбекқорлықты, жауапкершілікті және әр істі ұқыпты орындауды үйренемін.
Біз отбасымызбен бірге көп уақыт өткіземіз. Бірге еңбек етеміз, демаламыз, әңгімелесеміз, бір-бірімізге көмектесеміз. Осындай қарапайым сәттер мен үшін өте қымбат әрі ерекше.
Отбасы – менің тірегім, мақтанышым және ең үлкен байлығым! ❤️
Әр шаңырақта әрдайым бірлік, береке, сыйластық пен бақыт болсын!
 
 
 
 
 
 
Дата публикации: 12.09.2026