Құм терапиясы
 
🌿 Құм терапиясы — бесінші сынып оқушыларының сәтті бейімделуіне жол
5-сынып оқушыларының негізгі мектепке көшуіне байланысты бейімделу кезеңі аясында педагог-психолог Исельбаева Айсулу Ульжабаевна жарықтандырылған құм үстелін пайдалана отырып, шығармашылық сабақ өткізді.
✨ Бастауыш сыныптан 5-сыныпқа көшу — әрбір бала үшін маңызды кезең. Жаңа мұғалімдер, жаңа оқу пәндері, талаптар және үйреншікті оқу тәртібінің өзгеруі балаларда эмоционалдық шиеленіс пен алаңдаушылық туындатуы мүмкін.
Сабақ барысында оқушылар құм бетіне түрлі өрнектер, бейнелер мен суреттер салды. Құммен жұмыс жасау балаларға босаңсуға, көңіл күйін ауыстыруға, қиялын еркін жеткізуге және өзін жайлы сезінуге мүмкіндік берді.
🎨 Мұндай жаттығулар:
• эмоционалдық шиеленіс пен алаңдаушылықты төмендетуге;
• шығармашылық ойлау мен қиялды дамытуға;
• жағымды эмоционалдық көңіл күй қалыптастыруға;
• мектепке деген жағымды көзқарасты нығайтуға;
• сынып ұжымында жайлы психологиялық ахуал қалыптастыруға ықпал етеді.
💛 Сабақ тыныш әрі достық атмосферада өтті. Шығармашылық пен ойын арқылы оқушылар өздерін жақсырақ түсінуге, бір-бірімен қарым-қатынас жасауға және оқудың жаңа жағдайларына бейімделуге мүмкіндік алды.
🌸 5-сыныптағы бейімделу кезеңі жеңіл, жайлы әрі қызықты өтсін!
Дата публикации: 14.09.2026