2025-2026 оқу жылын аяқтау
 
25 мамыр күні мектебімізде 2025–2026 оқу жылының аяқталуына арналған салтанатты жиын жоғары деңгейде ұйымдастырылды. Бұл күн – білім мен тәрбиенің, еңбек пен табандылықтың жемісі сараланатын ерекше мереке.
 
Салтанатты шара барысында оқу жылының қорытындылары шығарылып, түрлі білім, спорт және қоғамдық жұмыстарда белсенділік танытқан оқушылар марапатталды. Жыл бойы шәкірт тәрбиесіне үлес қосқан ұстаздар мен ата-аналарға шынайы алғыс білдірілді.
 
Биылғы түлектер үшін бұл күн – балалық шақпен қоштасып, үлкен өмірге қадам басар жауапты сәт. Оларға ақ жол, жарқын болашақ, биік мақсаттар мен толағай табыстар тілейміз!
 
Мектеп қабырғасында өткен әрбір күн, әрбір сабақ, әрбір жетістік – болашаққа бастар нық қадам. Бүгінгі жетістіктер ертеңгі жеңістердің бастауы болсын!
 
Жазғы демалыс барша оқушыларға көтеріңкі көңіл күй, жаңа әсерлер мен тың мүмкіндіктер сыйласын!
Біліммен қаруланған жас ұрпақ – еліміздің жарқын болашағы!
 
 
 
 
 
Дата публикации: 25.05.2026